Қарағандыда 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
24 шілдеде Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық Полиция бөліміне 51 жастағы тұрғыннан өтініш түскен. Оның сөзінше, 19.00 шамасында белгісіз ер адам 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталардың арасына апарып, жыныстық зорлық-зомбылық жасауға тырысқан. Бірақ қызы қатты айқайлағаннан кейін ер адам баланы жіберіп, өзі қашып кеткен.
Оқиға орнына бірінші учаскелік полиция инспекторлары келген. Тексеріс барысында аулалардың бірінен 36 жастағы күдікті ұсталған. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.