Қарағандыда отбасымен бірге саябақта серуендеп келе жатқан 8 жастағы қызды электрсамокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен келіп қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аstanatv сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы блогер Денис Денски Telegram-арнасында бөлісті.⠀
"Қызым қасымда жүрді, жүгірмеді, ол - кәмелетке толған бала, біз не болғанын бірден түсінбедік, абдырап қалдық", - дейді қыздың анасы.
Жиырма үш жастағы жігіт оқиға орнынан қашып кетпек болған. Ол самокатты муызка тыңдап, қатты жылдамдықпен айдап келе жатқан. Жігіт музыкалық құрылғысы құлап қалған кезде ғана жылдамдықты бәсеңдеткен.
Оқиға орнына бірден басқа адамдар да келген. Куәгерлердің айтуынша, бұл жігіт жиі қатты жылдамдықпен жүреді, бұған дейін де ол бірнеше рет сөгіс алған. ⠀
Баланы тексеру үшін емханаға жеткізілген. Оның ешқандай жері сынбаған, тек денесінің кей бөлігі көгерген. Түнде қыздың анасы жігіттің үстінен арыз жазу үшін полицияға барған. Тәртіп сақшылары арызды қабылдады, бірақ өзгеріссіз қалатынын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!