- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда экс-полицей өлі...
Қарағандыда экс-полицей өлі табылды
Қарағандыда ер адам өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам 10 маусымда өлі табылған. Оның денесінде оқ жарақатының ізі болған. Облыстық полиция мәліметінше, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
"Өз қаруынан атылып, өзіне қол жұмсаған 48 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі оқ марқұмның тіркелген қаруынан атылғанын айтты.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды", - деді Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Кейбір Telegram-арналар марқұмның құқық қорғау органдарында, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істегенін жазған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа әзірге пікір берген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина