Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап көз жұмды. Анасы үй шаруасымен жүргенде жақтауға шыққан бала ашық терезенің шыбын-шіркейден қорғайтын торын итеріп төртінші қабаттан құлдилаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға көпқабатты үйде болған. Төртінші қабаттағы ашық терезеге баланың шыққанын анасы байқамай қалса керек. Бүлдіршін терезедегі тормен бірге аулада төселген тасқа құлапты. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген, бірақ қатты соққы алған бүлдіршін қаза тапты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысында 12 бала тура осындай жағдайда биіктен құлаған. Екеуі тіл тарпай кетсе, көбі ауыр жарақат алыпты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!