- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда екі бала...
Қарағандыда екі бала терезеден құлап кеткен
Қарағандыда екі бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Бірінші оқиға облыс орталығындағы шағынаудандардың бірінде, бес қабатты тұрғын үйде болған. Үш жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған.
"Дәл осындай оқиға 9 маусымда Балқаш қаласында болған. Мұхамеджанов көшесінде 2 жастағы бала 5 қабаттан құлап кеткен. Бұл - жыл басынан бергі жетінші оқиға. Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді. Арнайы қорғаныс құралдары болуы керек. Терезенің тұтқасын бүлдіршіндер өз бетімен аша алмайтындай етіп бекіту керек", - деді Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұрлыбек Нұрмағанбет
Ведомство мәліметінше, адам өлімі тіркелмеген. Ал терезеден құлаған балалар дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бөлмесінде ойнап жүрген бала көпқабатты үйдің терезесінен құлағаны
хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова