Қарағандыда кеше таңертең Карл Маркс көшесінде екі автобус соқтығысты. Салдарынан жеті қарағандылық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полиция департаменті мәліметінше, оқиға Карл Маркс көшесіндегі "Корзина" сауда үйі маңында болған. №56 және №44 автобустар соқтығысқан. Автобустарда болған жеті жолаушы ауруханаға жеткізілген. Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптама тағайындады.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жолаушылардың №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін, салдарынан бес қарағандылық медициналық көмекке мұқтаж болғанын хабарлады. Олардың денесі әртүрлі жерден көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушы көмекке мұқтаж болмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!