Қарағандыда бір шағынаудан ауызсусыз қалды. Жаңа Тихоновка шағынауданы тұрғындары құдықтарда су жоқ екеніне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл мәселе бір жарым айға созылған. Наталья Лакман Жаңа Тихоновка шағынауданында үш жылдан аса уақыт тұрып жатыр. Ол су дәл бұлай болмауы бірінші рет екенін айтып отыр. Бірден көршілеріне хабарласқан тұрғын бірнеше үйде дәл осындай жағдай екенін анықтаған. Бұл мәселе 20 қаңтарда басталған.
"Қазір кірді қолмен жуамыз. Ыдыс жуатын техникаларды өшіріп тастадық. Суға түсу үшін туыстарымызға, моншаға баруға мәжбүрміз", - дейді Наталья Лакман.
Енді олар су алу үшін бұлаққа баруына тура келеді. Бірақ ол жерде де су деңгейі төмендеп кеткен. Көлігі барлар туыстарына барып жатса, кейбіреулері суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр екен. Халық су болмауын қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-дан шығатын күлді төгетін орындағы құрылыспен байланыстырады. Тұрғындар құрылыс басталғалы су деңгейі төмендегенін айтады. Ал "Энергоорталық" өкілдері мұны жоққа шығарып отыр.
"Өзен арнасының бағытын 2021 жылы өзгерттік. Ал оған қатысты сұрақтар тек 2023 жылы қойыла бастады. Бұл уақыттарды қалай байланыстыруға болады? Түсінбеймін. Біз жай ғана өзен арнасының бағытын 1,5-2 шақырымға өзгерттік. Жер асты сулары мен өзен. Бұлар - мүлдем әртүрлі ұғымдар", - дейді "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Дмитрий Беседин.
Су жеткізу мәселесі бұл ауданда өзекті саналады. Өйткені су кейбір көшелерге ғана тартылған. Аудан тұрғындарының суға толық қосылуға мүмкіндігі болған. Бірақ бұл жұмыстар қаржыны қажет етіп, адамдар одан бас тартқан. Коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері су құбырын тарту мәселесін қарастырып жатыр.
"Арктическая көшесінен Мясников 113 көшесіне дейін жеке меншік су құбыры орнатылған. Тұрғындар оны бір кездері өздері салған. Сондықтан оған қосылуға рұқсат жоқ. Болашақта ЖСҚ әзірлеу кезінде "Қарағанды Су" желілеріне қосылуды жоспарлап отырмыз, - дейді Коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жанболат Тоқмұрзин.
Бұл жұмыстар бірден орындалмайтыны анық. Дегенмен әкімдік өкілдері тұрғындарға су жеткізуді ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!