- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда бас есепші...
Қарағандыда бас есепші 90 миллион теңге жымқырған
Фото:
©Тұрар Қазанғапов.
Қарағандыда оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
"ҚМА Қарағанды облысы аумақтық департаменті қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы мамырға дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына аударып отырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Осы қылмыстан келген жалпы шығын 88 миллион теңге болған, оның 13 миллионы өтелген. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Ж. Қадыржанова