- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда баланы ұрып-соққан...
Қарағандыда баланы ұрып-соққан тәрбиешіге үкім шықты
Қарағандының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты жекеменшік балабақша тәрбиешісі кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 17 мамырда "Восток-2" ықшам ауданында орналасқан "Джин" балабақшасының тәрбиешісі 2018 жылы туған кәмелетке толмаған А-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. Осы факті бойынша полиция органымен тәрбиеші А-ға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (білім беру ұйымы қызметкерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау).
2024 жылғы 27 маусымжа сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы А-ға қатысты ҚК-тің 140-бабының 2 -бөлігі бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты істі қысқартты. Алайда тәрбиеші А-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін іс қозғалып, сотқа жолданды. Сотта өзіне тағылған құқық бұзушылық бойынша А. кінәсін мойындады, істеген ісіне өкінді, оның кінәсі іс бойынша келтірілген дәлелдермен, сондай-ақ "Джин" балабақшасындағы бейнебақылау камераларының бейнежазбаларымен расталды.
Сот аз. А.-ны ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
"Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын және іс-әрекеттің, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болуын, яғни кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық жасауын және кәсiптiк міндеттерін орындауына байланысты құқықбұзушылық жасағанын ескере отырып, сотпен осы құқықбұзушылық үшін баптың санкция шенберінде 4-тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, жоғары тұрған сотқа он күн ішінде апелляциялық шағым келтірілуі мүмкін", - делінген сот үкімінде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан