Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азаматтың басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды.
Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!