Қарағандыда құтқарушылардың көмегімен әйел адам аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
12 ақпанда 102 телефонына Қарағанды қ., 16-ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйде әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖ қызметкерлері балкон арқылы баспалдақпен 4-қабаттағы пәтерге кіріп, дәрігерлерге пәтерге кіруге жағдай жасады. Олар әйелге шұғыл алғашқы көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әдеби образдың қанша түрі болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!