Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі табылды

Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін тапқан.

"Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті өз атына тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 26 наурызда Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget