Қарағандыда әйел адам көлікті артқа айдаймын деп балалар алаңына соғылған. Әйел адам медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2 маусымда болған.
Куәгерлердің сөзінше, әйел адам көлік басқыштарын ауыстырып алған болуы мүмкін.
Қарағанды облысының полиция департаментіндегілер бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жол апаты салдарынан әйел адамның өзінен басқа ешкім зардап шекпеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз