Қарағандыда автобус апатқа ұшырап, тоғыз адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған жолаушылардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысқан. Бірақ апатқа нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Жол сақшылары сол маңдағы бейнебақылау камераларын қарап жатыр. Сараптама да тағайындалған.
Ал зардап шеккен тоғыз адамның төртеуін ауруханаға жеткізді. Үш науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Олардың біреуі — бала. Бәрінің сүйегі сынып, денесі жараланған.
Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған бес жолаушының жағдайы жақсы, олар үйіне жіберілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!