Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді

Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға вокзал маңындағы алаңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткелде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіні полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!