Қарағандыда ауызсудан шыққан құрттарға қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қала әкімі су құбырында пайда болған паразиттерге қатысты халық шағымынан кейін оны зертханада тазарту кезеңдерін жеке өзі барып тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мейрам Кожухов "Қарағанды Су" кәсіпорнында әкім сағатын өткізді. Қала басшысы басқа жұмыстармен қатар, ауыз суды тазарту нысанына барып, суды тазартудың көп деңгейлі жұмыс барысымен танысты. Оған сорғы мен зертхананың жұмысы көрсетілді. Судағы тірі ағзалар қала басшысын бекер алаңдатпады. Бұған дейін Гоголь 3А көшесінің тұрғындары краннан аққан судың арасынан табылған паразиттерге шағымданған болатын.
Зертхана алты бөлімнен тұрады, олар - үш техникалық, паразитологиялық, микробиологиялық және тәулік бойғы жедел зертхана.
"Біз құрттардың халық пайдаланатын ауызсуға түсе алмайтынына кепілдік береміз. Өйткені біз суды тазартудың бірнеше деңгейлі әдісін қолданамыз", - деді "Қарағанды Су" ЖШС зертхана бастығының міндетін атқарушы Елена Семенова.
Бұл жағдай қалада бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Оның себебі үй ішіндегі құбырлардан болып отыр. Оқиғадан кейін компания құбырларды жуу жұмыстарын жүргізді. Станциядан судың қала тұрғындарына таза және қауіпсіз түрде жететініне көз жеткізу үшін Мейрам Кожухов оны ішіп көрді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!