- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда алаяқ пәтерді...
Қарағандыда алаяқ пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған
Қарағандыда алаяқ пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы адам ұсталды. Күдікті әлеуметтік желілерге пәтерді жалға беру туралы хабарлама қалдырып, өзге біреудің пәтерінің суреттерін жариялаған.
Алаяқтың құрығына 56 жастағы әйел түскен. Жәбірленушіге таныстары ұзақ уақытқа жалға алатын пәтер тауып беруін өтінген.
Сол мақсатта пәтер іздеген тұрғын әлеуметтік желіден алаяқтың жариялаған хабарламасын көріп, оның есепшотына 230 мың теңге ақша аударған. Кейін жәбірленуші алаяққа алданғанын білген соң полицияға арызданған. Күдікті жасаған қылмысын мойындады.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағы да бір қылмысқа қатысы барын анықтады. 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны пәтер жалдау үшін алаяқтың есепшотына 170 мың теңге ақша аударғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина