Өзін кәсіпкермін деп таныстырған алаяқ Қарағанды тұрғындарынан ірі көлемде ақша жымқырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"27 қазанда Қарағанды қалалық орталық полиция департаментіне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ер адам ЖШС директоры екенін, тұрмыстық және электрон жабдықтарды сатумен айналысатынын айтты. Мамырда ол қажет тауарларды жеткізетін көтерме компанияның басшысымын деп таныстырған ер адаммен танысқан. Оның үстіне, алаяқ жабдықты қолжетімді бағада жеткізуге уәде берген. Нәтижесінде арызданушы оған 10 миллион теңгеге жуық ақша берген. Бірақ уәде етілген өнім жеткізілмеген", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.
Полиция күдіктінің тағы жеті алаяқтық ісіне қатысы барын анықтады. Мысалы бір оқиғада алаяқ 27 жастағы жігіттің 4 миллион теңгесін жымқырған. Тағы бір жағдайда күдікті өзін қорғаушы ретінде таныстырып, 61 жастағы әйелге мұраны алуға "көмектесіп", одан 8,7 миллион теңге жымқырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!