- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда алаяқ жоқ...
Қарағандыда алаяқ жоқ пәтерді жалға беріп, түскен ақшаға құмар ойын ойнаған
Қарағандыда алаяқ жоқ пәтерді жалға беріп, түскен ақшаға құмар ойын ойнаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға Қарағанды қаласының үш тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған. Олардың бірі әлеуметтік желіден жалға пәтер берілетіні туралы хабарлама көрген. Жәбірленуші пәтерді жалға алу үшін хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін сол үйге келіп кірмек болғанда, ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқаны анықталған.
Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
Күдікті пәтер жалға беру туралы жалған хабарлама бергенін және ақша салған жәбірленушілердің қаржыларын букмерлік мекемеде құмар ойындарға тіккенін мойындаған. Қазір күдікті қамауға алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова