- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда әкім қаладағы...
Қарағандыда әкім қаладағы мәселелерді былапыт сөзсіз шешуді ұсынды
Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Қожухов қаладағы мәселелерді былапыт сөзсіз шешуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл ұсынысын Instagram-парақшасында бөлісті.
"Құрметті тұрғындар, қаламызда шешілмеген мәселе көп! Бұрыннан келе жатқан, жаңадан пайда болған мәселелер де бар. Мәселе бойынша өз пікіріңізді білдіруіңізді сұраймын, кейін біз белгілі бір рейтинг жасап, жауап пен шешімнің мерзімін береміз! Кері байланыс күтемін! Боғауыз қоспай, қалай бар, солай жазыңыз", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бұл ұсынысты жақсы бастама деп, қала мәселелерін тізбектеп жазған.
Айта кетейік, Мейрам Қожухов - Қарағанды Әлихан Бөкейхан ауданының экс-әкімі. Ол биыл сәуірде қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал желтоқсанда Мейрам Қожухов Ермағанбет Бөлекпаевтың орнына қала әкімінің міндетін атқаратын болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек