- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда 85 жастағы...
Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы ер адамның жанында болған.
"50 жастағы ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды. Ер адамның жанында оның 85 жастағы анасы болды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Бұл іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыстың себебін анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек