- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда 22 жастағы...
Қарағандыда 22 жастағы жүргізуші қызды әдейі қағып кеткен
Фото:
Видео кадры
Қарағандыда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні әдейі қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.
"Қарағанды облысының Саран қаласында 16 тамызда жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сол күні соталды тергеу басталған. 22 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек