Қарағандыда 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды. ТЖМ қызметкерлері қызды құтқарып қалды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше полиция қызметкерлері Қарағандының Қазыбек би ауданындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2006 жылы туған бойжеткен 17-қабаттағы пәтердің терезе алдына тұрғанын хабарлады.
Шатырдан альпинистік құрал-жабдықты пайдаланып түскен құтқарушылар қызды пәтер ішіне қауіпсіз кіргізіп, сол арқылы мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алды.
Құтқарылған қыз жедел жәрдем бригадасына табысталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз