Қарағанды тұрғыны Полиция департаменті ғимараты маңында өзін өзі өртеп жібергісі келген. Ол - мүгедектер қоғамының қызметкері, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Белсендінің сөзінше, оған қалалық бөлімшелерде орнатылған қоршаулар үшін ақы төленбеген. Фирмаға 117 миллион теңге қарыз болған. Наразылық акциясын ұйымдастырған адам қазір "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 15 тәулікке қамалған.
Басылым мәліметінше, қоршау орнату жұмыстары қабылданбады деп мүгедектер қоғамы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Бәйженовті айыптап отыр. Төрт нысан ішінен қызметкерлер тек екеуін қабылдаған. Ер адаммен келіссөз жүргізу үшін басшының басқа орынбасары жіберілген. Ашуланған белсенді тасжолға бензин құйып, өртеп жіберген. Акцияны ұйымдастырушы дереу ұсталған. Жұмыс ақысын талап ететін үнпарақтар облыс орталығының басқа аудандарында да пайда болған.
"Жан Дос" фирмасы туралы қарағандылықтар жазда білген. Бұл мүгедектер қоғамы гүл отырғызу тендерін жеңіп алған. Бірақ дұрыс суарылмай гүлзарлардың көп бөлігі қурап қалған. Сондықтан полицейлер олардың бөлімшелеріндегі жұмыс нашар орындалғанын айтады. Тәртіп сақшылары сотқа жүгінген.
"Ол өз жұмысын сапасыз орындады. Полиция департаменті мамандары "Жан Дос" ҚБ жөндеу жұмыстары жүргізген нысандарды тексере отырып, оны растады. Осы іс бойынша ПД заң бөлімі сотқа шағым түсірді, ол жауапкерді 30 қарашаға дейін барлық кемшілікті жоюға міндеттеді. Алайда жауапкер кемшілікті түзетпеді", - дейді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!