Қарағанды тұрғыны Наурыз мейрамында қошқарды 110 рет көтерді

Қарағанды тұрғыны Наурыз мейрамында қошқарды 110 рет көтерді

Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда Наурыз мейрамын тойлау кезінде ұлттық ойындардан жарыс өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Индустриальная Карагандаға" сілтеме жасап.

Мұнда ерлер кір тасын, тірі қошқарды көтеріп, арқан тартысқа да қатысты. Қошқармен сайыста Шыңғысхан Батырхан жеңімпаз атанды, ол қошқарды 110 рет көтерген. Бұған дейін ол кір көтеру сайысында қазы мен жылқы етін ұтқан.

Осыдан кейін жас жігіт жүре алмай қалған. Тізесі дірілдеп, сөйлеуге шамасы болмаған. 

Тағы бір қатысушы, ағадырлық Ниетхан Төлеухан бір минутта 16 келі болатын кір тасын 54 рет көтерді.

Жарыстың барлық жеңімпазы мен жүлдегеріне ет, құрт және тәттілер түріндегі сыйлықтар берілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан