Қарағанды теміржол вокзалында 17 адам ұсталды. Полиция мәліметінше, олардан қару тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
19 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кескен.
Нәтижесінде 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.
Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!