Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Жергілікті тұрғындар 20 жыл бойы "Сарыбел" тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға "Тұран" атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты.
"Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешім қабылдады", - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.