Биыл Қарағанды облысының тұрғындары арасында бруцеллез алғаш рет анықталған 19 жағдай тіркелді, 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 2 жағдайға өсім байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бруцеллез Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында, Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарында тіркелді. Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында адам үшін бруцеллез қоздырғышының негізгі көзі саналатын ірі және ұсақ мал арасында бруцеллез бойынша оң нәтижелі ауылшаруашылық малдары 337 басқа өскені анықталды.
"Облыс бойынша 8 айда 19 жағдай тіркелді. Бұл Қарағандыда - 4, Саранда - 2, Шахтинск қаласында - 1, Қарқаралы ауданында - 1, Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарында - 3 жағдай. Соңғы үш жағдай тамыз айында тіркелді", - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.
Бұл ауру ешбір тұрғында анықталмаған. Сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қате ақпаратқа сенбеуді сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!