Қарағанды облысындағы зауытта ер адам қайтыс болды

Қарағанды облысындағы зауытта ер адам қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында салынып жатқан зауытта бір қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 3 қарашада Қарағанды облысындағы Qaragandy Power Silicon зауытында болған. 

Ол монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде биіктіктен құлап кеткен. 

Еңбек инспекциясының департаменті оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құратынын хабарлады. Аймақтың полиция департаменті "абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын айтты.

Бұл іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина