Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды

Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар жолда қозғалыстың шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 17:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Ақсу-Аюлы-Балқаш бағытындағы KAZ01 "Астана-Қарағанды-Алматы" тасжолының (1610-1854 шақырымы) учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

Қозғалыс жоспар бойынша 2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 08:00-де ашылуы тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысындағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылғаны хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә