- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Қарағанды облысындағы тасжолда бір мезетте 19 көлік соқтығысты
Қарағанды облысында жаппай жол апаты болды. Тасжолда бір мезетте 19 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург - Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды - Балқаш, 1492-1855-шақырым) Балқаштан Қарағанды бағытында көлік қозғалысы ашылды.
Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің кептелісіне байланысты қабылданған.
Қозғалысты Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы мен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұйымдастырды.
"Сағат 12:30-да осы учаскенің 1630-шақырымында 19 көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері және жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Компанияның мәліметінше, жол апаты жылдамдық пен қауіпсіз арақашықтықты сақтамағаннан болған.
Еске салайық, 3 қаңтарда Астана - Щучинск тасжолында 95 көлік соқтығысқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес