Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған жантүршігерлік апаттан жүргізуші аман қалды

Қарағанды ​​тас жолында ірі жол апаты болды. Желіде осы апаттың адам шошитын кадрлары тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 11 қаңтарда сағат 13:30 шамасында Алматы - Екатеринбург тас жолының 1128-шақырымында болды. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің мәліметінше, бірден үш көлік: Toyota Camry, Toyota Alphard және MAN соқтығысқан.

Видеодан көліктердің біріне қатты механикалық зақым келгенін көруге болады. Қуанышқа орай, қаза тапқандар жоқ.

"Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі медициналық көмекке жүгініп, көліктерге механикалық зақым келген. Полиция фактіні тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз