Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасының бастамасымен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Мәселе тасжолдардан шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар шамадан тыс жүк тиелген ауыр көліктер облыстық маңызы бар тасжолмен жүргеніне шағымданған. Ақтоғай ауданының прокуратурасы бұл шағымды ерекше бақылауға алды. Себебі мұндай көліктерден облыс орталығына апаратын жол бұзылып жатқаны белгілі болды.
Жолдардың бұзылуының негізгі факторларының бірі - ауыр көліктердің тасымалдауға рұқсат етілген салмақтан асыруы. Автокөліктің жалпы салмағы жүкпен бірге мына көлемнен аспауы керек:
Аудан прокуратурасының бастамасымен полиция қызметкерлері шамадан тыс жүк тиеген ауыр көліктерді анықтады.
"Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басқарма мамандары жүк көлігінің жүргізушілеріне әкімшілік материалдар рәсімдеді. Нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір ай ішінде жалпы сомасы 2 900 000 теңгеден асатын 5 әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұлдар төленді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!