«Қазақмыс» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болғанын хабарлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шахтада көміртегі газы бөлініп, салдарынан екі адам қаза тапқан.
Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбастарына қажетті көмек көрсетіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!