Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Апат кезінде Костенко шахтасында 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
"7 кеншінің мәйіті табылды. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр Штаб құрылды. Қарағанды облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, бас прокурордың бірінші орынбасары, прокурор, Қарағанды облысының арнайы құқық қорғау органдары Костенко атындағы шахтада. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған", - делінген хабарламада.
Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!