Қарағанды облысындағы өзеннен ер адам өлі табылды: полиция туыстарын іздейді

Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес өзенінен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл іске қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеушілер қайтыс болған адам кім екенін және оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Еріктілердің айтуынша, қайтыс болған адам балықшы болуы мүмкін.

Ер адам кім екенін немесе оның туыстары туралы білетіндерден мына телефон арқылы хабарласу сұралады: 8 707 900 59 05, 8 707 546 07 16 немесе 102 нөмірі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!