- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысындағы кеніш...
Қарағанды облысындағы кеніш қызметкерлері ереуілге шықты
Қарағанды облысындағы "Ақжал" кенішінің қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қызметкерлердің айтуынша, жалақылары көтерілмегеніне біраз болған және олардың еңбегін ақтамайды.
"Шет ауданының әкімі келді, бірақ келгенінен пайда жоқ деп қорқамыз... Жалақы көтерілмегеніне біраз болды, бұл мәселе көтерілген, былтыр да айтылды, оған дейін жеке цехтарда ереуілдер болды... Еш нәтиже жоқ. Жалақы туралы жарты жылдай уәде беріп келе жатыр. Қазір барлық қызметкер ереуілге шығып жатыр. Жалақымыз 50 пайызға көтерілгенін қалаймыз", - делінген ekaraganda.kz басылымына келген хатта.
Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Nova-Цинк" ЖШС қызметкерлері басшылыққа талап қойған. Олар бүгінде аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері көрсететін қызметтердің бір бөлігін оларға беруді және осыған байланысты жалақыны көтеруді сұрайды. Компания басшылығы мен кеншілер өкілдері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келіссөздерге аудан әкімі мен аудан прокуроры да қатысады.
С. Сатыбалдина