Қарағанды облысындағы алапат өрт сөндірілді

Фото: Видео кадры

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары табиғи өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде, Бақты орманшылығы аумағында құрғақ шөптер, тоғайлар өртенген.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарын Қарағанды облысы ТЖД бастығы М.Т. Аманбаев басқарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, өрт кеше шыққан болатын.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 157 адамы, 26 техникасы, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар ТЖМ Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget