Қарағанды ​​облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

Қарағанды ​​облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша үкім шықты. Бұл іс бойынша 24 адамға айып тағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Х. мен Т., 2022 жылғы маусым мен 2023 жылғы наурыз аралығында ұйымдасқан топ құрып және басшылық еткен, Қ. мен М. қылмыстық топ құрамында әрекет етіп, күзет агенттігінің күзетшісі бола тұра, Қарағанды облысының аумағында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның қола бұйымдарын, швеллерлерін, ыстықтай иленген прокаттарын, мырышталған табақтарын, рельстерін жүйелі түрде ұрлаумен айналысқан.

Қалған 20 адам "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның мүліктерін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында ірі және аса ірі мөлшерде ұрлаған және ұрлауға оқталған.

"Х. және Т., қылмыс құрамында, Т. сонымен қатар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алған. Сонымен қатар Х. және Ж. 2016 жылдың маусымында күзет агенттігінің күзетшілері бола отырып, қару қолдану арқылы өз өкiлетін өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы пайдаланған, Ж. сонымен қатар өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған, ал Х. денсаулыққа қасақана зиян келтірген", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін әртүрлі мерзімге - 6 айдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұрынғы бірнеше қатысушы шартты түрде сотталды, үшеуі ақталды. Тағы біреуі үкім шығарылғанға дейін қайтыс болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан