Қарағанды облысында түрмеде отырған науқастарға қосымша тамақ берілмеген

Қарағанды облысында түрмеде отырған науқастарға қосымша тамақ берілмеген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Прокуратура Қарағанды облысында сотталғандардың құқықтарының бұзылуын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түзеу мекемелерінде сотталғандардың құқықтарының сақталуына прокуратура жүйелі түрде бақылау жасайды. Тексеру барысында сотталғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін коммуналдық қызмет саласындағы өрескел бұзушылықтар анықталды.

Онкологиялық, бүйрек аурулары, асқазан-ішек жолдары және эндокриндік жүйе сияқты аурулары бар сотталғандар қосымша тамақтандыруға құқылы. Алайда тексеру Қарағанды облысының мекемелерінде сотталғандар ет, жеміс-жидек және басқа да қажетті өнімдердің қосымша порциясын алмағанын көрсетті.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылықтар жойылды, 565 сотталғанның конституциялық құқықтары қорғалды.

Бұл мәселе Қарағанды облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланып, уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар әзірленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина