Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының құтқарушылары демалыс күндері өңірде қолайсыз ауа райының салдарымен жұмыс істеп жатыр. Демалыста дауыл соққан еді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл жағдайға байланысты Қарағанды облысының әкімі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына төтенше жағдай енгізуді тапсырды. Қазір жергілікті билік тиісті қаулының ресми жариялануын күтіп отыр.
"Ермағанбет Бөлекпаев қала және аудан әкімдеріне апаттан зардап шеккен нысандарды тез арада қалпына келтіруді, төтенше жағдай жариялап, барлығын заң аясында жасауды тапсырды", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 18-19 қарашада облыс аумағында қатты желдің салдарынан тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттардың шатыры мен қабырға жабындарының құлаған. Бұл жағдай бойынша 114 оқиға тіркелген. Қираған шатырлардың жалпы ауданы - 18 947 шаршы метр.
Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында электр жарығы жартылай үзілді.
Қазір облыстағы елді мекендердің басым бөлігі жарыққа қосылып, үш қала мен төрт ауданда апаттық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштарға қатысты 85 хабарлама түскен.
"Төтенше жағдай аясында бюджет есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары қалпына келтіріледі. Біз қаулының жариялануын күтіп отырмыз", - деп хабарлады Қарағанды әкімдігі өкілдері.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай материкте барлық климаттық белдеулер кездеседі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!