Қарағанды облысында суға батып кеткен балықшы үш күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 3 ақпанда Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында үш балықшы бар көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, оларға медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ, "ГНОМ" суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен жүргізіп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: жел, боран, аяз, кей жерлерде мұз бетінің жұқа болуы, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, дұрыс көрінбеу, қатты ағыс. Бұл - сүңгуірлер үшін қиын жағдай. Сонымен қатар, іздеу аумағы да үлкен. Ол үшін үнемі іздестіру аймағын кеңейтіп, мұзда жаңа жолақтарды кесіп, сүңгуірдің түсуі үшін арнайы орындарды дайындау керек", - делінген жауапта.
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері төтенше жағдайлардың, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажетін ескертеді:
Ықтимал төтенше жағдайлардың кез келген алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары бойынша жедел қызметтердің кезекші қызметіне қоңырау шалыңыздар!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!