- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында су...
Қарағанды облысында су тасқынында зақым келген үйлерді бұзу басталды
Қарағанды облысында жаңа баспана салу үшін зардап шеккен үйлерді бұзу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұзылған әр үйдің орнына ауданы тура сондай шаршы метр болатын баспана салынады. Ал егер үйге зақым аз келсе, онда оның егесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек көрсетіледі.
"Су тасқынынан ең қатты зардап шеккен елді мекен - Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл. Мұнда жалпы 148 үй апат жағдайында тұр. Бүгін бұл ауылда бірінші үйлер бұзыла бастады. Зерттеу жалғасып жатыр", - деді облыс әкімдігінің өкілдері.
"Атқарушы органдар тұрғындардан үйлердің техникалық жағдайына, оларды жөндеуге, құрылысына, шығынды өтеуге байланысты мәселелер бойынша хабарламаларды күндіз-түні қабылдап жатыр. Сонымен қатар, жұмыспен қамту, малдың шығынын өтеуге құжаттар ресімдеу, әлеуметтік төлемдерді бөлу және тағы да басқа мәселелер шешіліп жатыр", - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев. Жағдайды реттеуді қолына алған Дүйсебаевтің айтуынша, үй салушылардың арасында тендер өткізіліп қойды және осы құрылыс компаниялары жұмысқа кірісіп жатыр.
Еске салайық, Қарағанды облысында 35 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. Табиғи апаттың салдарынан егде жастағы екі адам қаза болды.
Н. Айдархан