Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасаған.

"Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір медицина мамандарының бақылауында. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылған. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірген.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!