Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Qarmet" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 наурыз түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты "Саран" шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.
"Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Компания өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!