- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында сегіз...
Қарағанды облысында сегіз ауылда санитариялық шектеу енгізілді
Қарағанды облысындағы сегіз ауылда санитария шектеулері енгізілді. Онда ірі қарадан бруцеллез анықталған. Ветеринарлар аша тұяқтылардан жаппай сынама алуды бастап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Инфекциялық ауру Абай, Шет, Нұра және Қарқаралы аудандарында анықталған. Дәрігерлер аталған кесел белгілері адамдардан білінген жоқ дейді. Бруцеллез адамға ауру малдың еті мен сүтінен, немесе мал сою кезінде адам денесіндегі ашық жаралар арқылы жұғады. Сондықтан ауылдағы ағайыннан сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.
Тұрғындар қорада қолғап киіп, сүтті әбден қайнатып алып қолдануы керек. Ауылдарда сынамалар алу басталды. Малды ауылдан шығаруға тыйым салынды. Кесел расталған 18 сиыр сойылып, еті шұжық цехтеріне өткізілген. Өңдеуге өткізгендегі сомадан бөлек, мал құнының 30 пайызы мемлекет себінен өтеледі.
"Бруцеллез ауруының әрбір 15-20 күн сайын қайталап ауру малының барлығынан сынама алынады. Бруцеллез ауруына тән мал түрлерінен. Содан соң 15-20 күн сайын қан алып, оң нәтиже көрсеткен малдарды санитарлық союға жіберіліп, ережеге сәйкес, еті қайта өңдеуге жіберіледі", - деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумағы инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан