Қарағанды облысында риелторлар 14 пәтерді өз атына заңсыз жазып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағым өкілі.
"13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!