Қарағанды облысында пойыз төрт жұмысшыны қағып кетті: қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды

Қарағанды облысында Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде пойыз төрт жұмысшыны қағып кетті. "Қазақстан темір жолы" АҚ қаза тапқан қызметкерлердің аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызметкерлер жол бригадасында жұмыс істеген. 

  • Ахрапбаев Бауыржан Бейсембекұлы - жол монтері, 39 жас. Жұмыс өтілі - 17 күн. Өндірістік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Бойдақ, ата-анасымен бірге тұрған.
  • Тәуірбеков Мақсұт Тұрсынбайұлы - жол шебері-бригадир, 55 жас. Жұмыс өтілі - 18 жыл. "Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталған. Үйлі-балалы, екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған. Отбасының жалғыз асыраушысы, жұбайы жұмыс істемейді.
  • Сатыпалды Дархан Ерланұлы - жол монтері, 24 жас. Жұмыс өтілі - 2 жыл. Үйлі-баласыз, отбасының жалғыз асыраушысы. Анасы онкологиялық аурумен ауырады, әкесі қайтыс болған.
  • Жүнісов Серікқан Нұрдубекұлы - жол монтері, 60 жас. Жұмыс өтілі - 33 жыл. "Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталған. Үш баласы бар, оның бірі кәмелетке толмаған. Отбасының жалғыз асыраушысы, жұбайы онкологиялық аурумен ауырған.
    Теміржол магистраль желісі дирекциясы қаза болған қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Шешенқара – Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы төрт теміржолшыны басып, мерт қылған еді. Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17:15-те болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!