Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында облыс аумағында ұрлықпен айналысқан 30 бен 31 жас аралығындағы үш азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер 71 жастағы зейнеткердің үйінің терезесін сындырып кіріп, ол жерден жалпы құны 5 миллион 500 мың теңге тұратын құнды заттарын қолды қылған. Онымен қоймай, бірнеше күн өткен соң басқа пәтерге ұрлыққа түсіп, ол жерден алтын бұйымдармен 2 миллион 340 мың теңге ақшаны ұрлағаны анықталды.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас тағыда 4 қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Күдіктілер бұл қылмыстарды Қарағанды және Теміртауда жасағаны белгілі болды.
Полиция жәбірленушілерге жалпы құны 9 миллион 500 мың теңге шығын келгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!