Қарағанды ​​облысында "Өзіміз ғой Арай" чатын құрған адам ұсталды

Қарағанды ​​облысында "Өзіміз ғой Арай" чатын құрған адам ұсталды
Фото: Видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50 пайыздан 300 пайызға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде етіп, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банк қосымшасы арқылы аударылған.

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеулер бойынша, "Өзіміз гой Арай" чатында 100-ден аса қатысушы анықталды, қазір "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көздің түсін өзгертуге бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек